Қандай смартфон аларыңызды БІЛМЕЙ ЖҮРСІЗ БЕ?

0
4 592

Биылғы жылдың ең үздік 10 смартфонын назарларыңызға ұсынамыз.


Қандай смартфон аларыңызды БІЛМЕЙ ЖҮРСІЗ БЕ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Пандемиядан кейін смартфондар нарығы қалпына келді. Тиісінше, өндірушілер қуаттылықты арттырып, жаңа дүниелер қосып жатыр. Солардың арасындағы ең танымал смартфондармен таныс болыңыздар. Мұнда 2023 жылдың қысы мен көктемінің басында шыққан модельдер жинақталған. Рейтинг барлық сипаттамалар бойынша жасалған.


10. Samsung Galaxy Z Flip3

Бұл смартфон биылғы жылдың нағыз жаңалықтарының бірі. Себебі, бұл құрылғы бүктеліп, қалтаға оңай сыйып кетеді.

Сенімділік туралы алаңдаудың қажеті жоқ - IPX8 қорғанысы бар. Смартфонды су астында бір метр тереңдікке 30 минутқа дейін қорықпай ұстауға болады. Жиналмалы механизм және жақтау тозуға төзімді алюминийден жасалған.

  • дисплей өлшемі: 6.7 дюйм;
  • матрица: AMOLED;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 120 Гц;
  • операциялық жүйе: Android 11;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 2 Модуль (12 МП және 12 МП);
  • алдыңғы камера: 10 МП;
  • жедел жад: 8 Гб;
  • кірістірілген жад: 128 Гб;
  • батарея: 3300 мА*сағ.


9. Samsung Galaxy A33

Galaxy A33 – соңғы модификациялардың бірі әрі тұтынушылардың пікірлері бойынша Galaxy желісіндегі ең сенімді смартфон. Теңіз көк және шабдалы сынды ерекше түстері бар.

4 модульге арналған негізгі камера: 48 МП, 8 МП, 5 МП және 2 МП. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда да суретке жақсы түсіреді.


  • Дисплей өлшемі: 6.4 дюйм;
  • матрица: Super AMOLED;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 90 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 12;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 4 модуль (48 МП, 8 МП, 5 МП және 2 МП);
  • алдыңғы камера: 13 МП;
  • жедел жад: 6 Гб;
  • кірістірілген жад: 128 Гб;
  • батарея: 5000 мА*сағ.


8. Xiaomi Poco M4 Pro – Xiaomi ұсынған ең жақсы смартфон

Жарқын және ерекше дизайны бар ең жақсы смартфон – Xiaomi Poco. Дисплейде автоматты түрде реттелетін жаңарту жылдамдығы бар. Бұл батарея шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Негізгі камера артқы қақпақтың үштен бірін алатындай үлкен.


  • Дисплей өлшемі: 6.6 дюйм;
  • матрица: IPS;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 90 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 12;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 2 Модуль (50 МП және 8 МП);
  • алдыңғы камера: 16 МП;
  • жедел жад: 4 Гб;
  • кірістірілген жад: 64 Гб;
  • батарея: 5000 мА*сағ.


7. Apple iPhone 13 – Apple-дің ең жақсысы

Apple компаниясының жақсы және сенімді бұл смартфоны жыл бойы трендте болды. Ол бірнеше түсті нұсқаларда сатылды, соның ішінде ашық–қызыл, жасыл, қызғылт және көк түстері өтімді болды.

Смартфон Apple A15 Bionic компаниясының 6 ядролы процессоры негізінде жұмыс істейді. Оның 4 Гб жедел жады бар.

  • Дисплей өлшемі: 6.1 дюйм;
  • матрица: OLED;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 90 Гц;
  • Операциялық жүйе: iOS 15;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 1 + 1 eSIM;
  • негізгі камера: 2 Модуль (12 МП және 12 МП);
  • алдыңғы камера: 12 МП;
  • жедел жад: 4 Гб;
  • кірістірілген жад: 128 Гб;
  • батарея: 3240 мА*сағ.


6. Realme GT Master Edition

Ерекше дизайнға ие болған, бағасы орташа бұл смартфон көктемде көп сұранысқа ие болды.

8 Гб жедел жады және сегіз ядролы процессоры кез–келген тапсырма үшін жеткілікті, смартфон тіпті ауыр ойындарда да баяуламайды.

  • Дисплей өлшемі: 6.4 дюйм;
  • матрица: Super AMOLED;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 120 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 11;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 3 модуль (64 МП, 8 МП және 2 МП);
  • алдыңғы камера: 32 МП;
  • жедел жад: 8 Гб;
  • кірістірілген жад: 256 Гб;
  • батарея: 4300 мА*сағ.


5. Xiaomi POCO F3 — ойын ойнауға арналған ең жақсы смартфон

Xiaomi-дің әмбебап смартфоны ойын ойнауға, бейне-фото түсіруге, фотосуреттер мен бейнелерді көруге және т.б. жұмыстарға өте қолайлы.


  • Дисплей өлшемі: 6.67 дюйм;
  • матрица: AMOLED;
  • экранды жаңарту жылдамдығы: 120 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 11;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 3 модуль (48 МП, 8 МП және 5 МП);
  • алдыңғы камера: 20 МП;
  • жедел жад: 8 Гб;
  • кірістірілген жад: 256 Гб;
  • батарея: 4520 мА*сағ.


4. Realme Narzo 50A – қуатты батареясы бар ең жақсы смартфон

Бұл да қолжетімді және жақсы камералары бар телефон. Өндіруші смартфонның сөйлесу режимінде 48 сағатқа дейін жұмыс істей алатындығын айтады. Сонымен қатар, құрылғыны бір сағаттан аз уақыт ішінде толық қуаттап алуға болады.


  • Дисплей өлшемі: 6.5 дюйм;
  • матрица: IPS;
  • экранды жаңарту жиілігі: 60 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 12;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 3 модуль (50 МП, 2 МП және 2 МП);
  • алдыңғы камера: 8 МП;
  • жедел жад: 4 Гб;
  • кірістірілген жад: 64 Гб;
  • батарея: 5860 мА*сағ.


3. Xiaomi Redmi 10C – жылдам қуатталады

Ал, мынау Redmi компаниясының ең жақсы бюджеттік смартфоны. Смартфон бір сағаттан аз уақыт ішінде қуатталатын әрі сыйымдылығы көп батареямен жабдықталған. Тиісінше, аталған телефон толық қуатпен қалыпты пайдалану кезінде шамамен 2 күн жұмыс істей алады.

  • Дисплей өлшемі: 6.71 дюйм;
  • матрица: IPS;
  • экранды жаңарту жиілігі: 60 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 12;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 2 Модуль (50 МП және 2 МП);
  • алдыңғы камера: 5 МП;
  • жедел жад: 4 Гб;
  • кірістірілген жад: 64 Гб;
  • батарея: 5000 мА*сағ.


2. DOOGEE S40 Pro – ең жақсы қорғалған гаджет

Көбіне адамдар смартфонды камерасының, сенсорлық экраны мен өзге де соққыларға төзіміділігіне қарап таңдамайды. Ал, осындай сипаттамаға мән беретіндер үшін аталған смартфон тамаша таңдау болады.

  • Дисплей өлшемі: 5,4 дюйм;
  • матрица: IPS;
  • экранды жаңарту жиілігі: 60 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 10;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 13 МП;
  • алдыңғы камера: 2 МП;
  • жедел жад: 4 Гб;
  • кірістірілген жад: 64 Гб;
  • батарея: 3000 мА*сағ.


1. Samsung Galaxy A12 – егде жастағы адамдарға арналған ең жақсы смартфон

Құрылғы қуатты батареямен жұмыс істейді. Тиісінше, қалпыт пайдалану кезінде бұл батареяның қуаты бірнеше күнге жетеді.

  • Дисплей өлшемі: 6.5 дюйм;
  • матрица: PLS;
  • экранды жаңарту жиілігі: 60 Гц;
  • Операциялық жүйе: Android 10;
  • қолдау көрсетілетін SIM карталарының саны: 2;
  • негізгі камера: 4 модуль (48 МП, 5 МП, 2 МП және 2 МП);
  • алдыңғы камера: 8 МП;
  • жедел жад: 3 Гб;
  • кірістірілген жад: 32 Гб;
  • батарея: 5000 мА*сағ.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


САТЫЛЫМ БАСТАЛДЫ: Қазақстанда iPhone 15 қанша тұрады?


Электронды темекінің ЗАРДАБЫН ДА БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ