Үйдегі САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ әлемнің кез келген нүктесінен БАСҚАРУҒА болады

0
2 707

Күннен-күнге қарыштап дамып жатқан технологияның тағы бір ерекше жаңалығы – үйдегі кондиционерді қашықтан басқара алатын, өшіріп немесе қосып қана қоймай, тіпті барлық жұмысын түрлендіре алатын құрылғылар. Ол құрылғылардың ең үздіктері туралы толығырақ ақпаратты осы мақаладан оқи аласыз.


Үйдегі САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ әлемнің кез келген нүктесінен БАСҚАРУҒА болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Басқарушы SENSIBO

Sensibo – бұл әлемнің кез келген нүктесінен кез келген салқындатқышты басқара алатын құрылғы. Ерекше гаджеттің өзіндік жүйесі сенсор және хабтан тұрады. Сол жүйесінің арқасында Sensibo үйдегі Wi-Fi желісіне қосылған кондиционерді ғаламтор арқылы қашықтан қосуға немесе өшіруге, сондай-ақ оның параметрлерін, жұмыс кестесін дұрыстауға және алдын ала режим орнатуға қабілетті. Ал, басқаруды қарапайым смартфонға арналған бағдарлама арқылы немесе «Pebble ақылды сағат» арқылы жүргізуге мүмкіндік жасалған.


Бұл қалай жұмыс істейді?

Кондиционер гаджет сенсорының ішінде орналасқан температура, ылғалдылық, жарық, ауа ағыны, қозғалыс және т.б. түрлі датчиктердің көмегімен жұмыс істейді. Sensibo-ны қосқаннан кейін, оны арнайы қосымша жүктелген смартфонмен синхрондап, кондиционерге Wi-Fi арқылы басқаруды енгізу керек. Сосын, қашықтан басқара бересіз.


Телефондағы бағдарламаның мына әрекеттерді орындауға мүмкіндігі бар:

• Кондиционерді қашықан қосу-өшіру және температураны реттеу;

• Үйдегі ауа температурасын автоматты түрде бірқалыпты ұстап тұру;

• Жарық деңгейіне байланысты режимді өзгерту: мысалы, түнде температураны төмендету;

• Жүйе сырттағы сынап бағанасына қарап кондиционер жұмысын реттейді. Бағдарлама ауа райы туралы ақпаратты смартфондағы ғаламтордан алады;

• Өзіңіз белгілі бір арақашықтықты жүйеге енгізіп, смартфондағы GPS арқылы сол жерге келгенде кондиционер қосылатындай етіп қоюға болады;

• Сондай-ақ, бағдарлама GPS арқылы автоматты түрде пайдаланушының бөлмеден немесе үйден шыққанын анықтап, кондиционерге температура режимін төмендету (электр қуатын үнемдеу мақсатында) командасын бере алады;

• Қосымшаның тиісті бөлімінен үйдегі температура, ылғалдылық және жарық деңгейін көруге болады;

• Баптаулардан кондиционер сүзгілерінің жай-күйін тексере аласыз.


Тағы бір ерекшелігі

Пайдаланушы Sensibo-ны Pebble фитнес сағаттарымен синхрондаса, жүйе ауа режимін пайдаланушының белсенділігіне байланысты етіп қоя алады. Мысалы, Сіз жаттығу жасап немесе жүгіріп келгенде бөлме салқын болып тұрады. Осылайша, құрылғы электр энергиясын үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар үйдегі микроклиматты барынша жайлы етуге мүмкіндік береді.


Заманауи MSMBA-09HRN1 кондиционері және ақылды климат бақылаушы

Заманауи MSMBA-09HRN1 кондиционері және rubetek интеллектуалды басқару модулі бүгінгі таңда ең сапалы жүйелердің бірі болып тұр. Ақылды климат бақылаушы арқылы кондиционерді әлемнің кез келген жерінен басқара аласыз, тіпті дауыспен басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ақылды жүйе қызметтеріне алдын ала құрылған режим бойынша жұмыс істеу, температураны өзгерту, апаттық жағдайларда автоматты түрде өшіру кіреді. Ең бастысы – үйдегі климатты қашықтан басқару.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлік жүргізгенде де телефонмен сөйлесуге болады


"Ақылды тоңазытқыштардың" қандай ерекше қасиеттері бар?