Көлік жүргізгенде де телефонмен сөйлесуге болады

0
4 903

Ереже бұзбай-ақ көлік жүргізуге көмектесетін пайдалы гаджеттер бар.


Көлік жүргізгенде де телефонмен сөйлесуге болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз өмір сүріп жатқан дамыған әлемнің көптеген жерлерінде телефонмен байланыс жасауға болады. Бірақ, заң бойынша және практикалық тұрғыда телефонды пайдалануға болмайтын жағдайлар да бар. Ондай кезде не істеу керек?

Бұл жағдайға көлік жүргізушілері жиі тап болады. Өйткені, ұялы телефонмен сөйлесіп отырып автокөлік жүргізу өте қауіпті, оның үстіне заңға қайшы болып есептеледі. Дегенмен, қарыштап дамып жатқан техника аталған мәселені де шешудің жолдарын тапқан. Оның дәлелі – осы мақаладағы гаджеттер. Олар сөйлесіп отырып жүргізуді жеңілдетеді, қауіпсіздікке әсер етпейді және әр адам үшін қолжетімді.

ЕСКЕРІҢІЗ! Көлік жүргізушісі мүмкін болғанша ештеңеге алаңдамауы тиіс. Сондықтан, шұғыл болмаса жол үстінде тек қауіпсіздікті сақтау - бірінші орында екенін ұмытпаңыз.


Байланыс түрлері

Айта кету керек, көптеген заманауи көліктерге мұндай мүмкіншілікті зауыттан орнатып шығарып жатыр, оларды басқару рульдегі немесе панельдегі арнайы батырмалар арқылы жүзеге асады.

Ал көлігіңіз мұндай құралдармен жабдықталмаса, оны өзіңіз-ақ жасай аласыз. Көлік салонына ыңғайлы гаджеттердің және оларды орнатудың бірнеше түрі бар.


Ең оңай жолы

Қосымша микрофон қондырғысы бар автомагнитолаға Bluetooth байланысы арқылы ұялы телефонды қосу немесе осы үшін арнайы әзірленген құрылғыны сатып алу қажет. Бұл гаджетті кез келген аудиотехника дүкенінен таба аласыз. Бірақ, бұл гаджетпен бірнеше минут қана сөйлескен дұрыс.


Hands free


Ал, еркіндік сыйлайтын құрылғы ретінде Hands free гаджетін пайдалануға болады. Оны жапсырманың көмегімен киімге немесе тікелей рульге бекітіп қоя аласыз және микрофоны бар құлаққаппен сөйлесе бересіз. Аталған гаджетке кез келген Bluetooth-і бар телефон қосыла алады. Бағасы да қолжетімді.


Магнитофонға қосылу тәсілі

Бұл өте оңай және кез келген техникалық білімі жоқ жүргізуші орындай алады. Ол үшін Bluetooth қолдайтын магнитофон және оған қосыла алатын микрофон қажет.

Бұдан әрі процесс былай жүзеге асырылады: көлікке магнитофонды орнатамыз – күннен қорғайтын «күнқағарға» немесе басқа ыңғайлы жерге микрофонды бекітеміз (неғұрлым жүргізушіге жақын болғаны дұрыс) – микрофонды магнитофонға қосамыз.

Баптау: магнитофон мен микрофондағы «Блютузды» іске қосамыз – құрылғыны іздеп табамыз – қосыламыз. Содан кейін пайдалануға болады!


Спикерфон Jabra Drive

Бұл Bluetooth арқылы еркін байланыс жасауға мүмкіндік беретін және сапалы дыбыстық сипаттамаларға ие, жүргізушілер арасындағы танымал гаджет. Сондай-ақ, ықшам әрі ыңғайлы, көлемі – 104х56х18 мм, салмағы – 100 грамм.

Гаджеттің дизайны да өте тартымды және кез келген көлік салонына үйлесе кетеді. Оны бекіту үшін металл қапсырмасын қолданасыз. Корпусында динамик, қоңырауларды қабылдау және қайтару түймесі, микрофон, дыбыс реттегіш орналасқан.


Plantronics K100 In-Car Bluetooth



Аталған гаджет көліктегі байланысқа ыңғайлы, сенімді және практикалық түрде өзін көрсеткен. Құрылғыда басқаруға арналған үш (қоңырауды қабылдау-өшіру, радио қосу және дыбысты толық өшіру) түйме және дыбысты реттегіш (деңгейін реттеп, шуды азайтатын) бар.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БҰЛ ЗАТТАР ыстық күнде Сізге өте қатты қажет болады


МАСА мен КЕНЕДЕН қорғайтын құрылғылар