Жақын күндері жарық көретін ЖАҢА iPhone-дар туралы НЕ БІЛЕСІЗ?

0
2 681

iPhone-ның жаңа моделдері жайлы ақпараттар бүкіл адамды қызықтырып отыр.


Жақын күндері жарық көретін ЖАҢА iPhone-дар туралы НЕ БІЛЕСІЗ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Apple компаниясы дәстүрлі түрде жылына төрт рет – наурыз, маусым, қыркүйек және қазан айларында жаңа өнімдерін ұсынатынын білеміз. Ал, ERNUR.KZ Сіздерге сол «алма» корпорациясы қыркүйекте таныстыратын жаңа iPhone-дар туралы ақпараттарды ұсынады.

Қыркүйек айындағы тұсаукесер — Apple үшін өте маңызды, өйткені дәл осы уақытта атақты компания жаңа iPhone-дарды таныстырады. Бұл шара 4 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған және 10 күннен кейін жаңа смартфондар дүкен сөрелеріне қойыла бастайды.

Сондай-ақ, ол үш смартфонның iPhone 11 (XI), iPhone 11 Max (XI Max), iPhone XR 2 деп аталатыны белгілі болды және Apple гаджеттердің атауынан цифрларды алып тастаған. Яғни, араб цифрлары Рим цифрларына ауысқан, бірақ бұл жүйені одан әрі ұстана ма, белгісіз.

Ең қызығы – Стив Джобс ол телефондардың нақты қандай болатынын құпия ұстап отыр. Сол себепті, қазіргі уақытта тек серіктес компаниялары берген кейбір деректерді ғана айтуға мүмкіндік бар. Мысалы, сыртқы дизайны қандай болатынын «чехол» өндірушілер баяндап берген, ал кейбір ақпараттар Samsung пен Huawei компаниялары арқылы белгілі болған.

Сонымен,анықталған ақпараттарға тоқталайық:

● Жаңа iPhone 11 және iPhone 11 Max-тың корпусының қалыңдығы 0,5 мм-ге жұқарған. Сондай-ақ, смартфондардың артқы панелі шыны болады, демек 2018 жылғы үлгіден жаңасын ажырату өте оңай болады.

● Смартфондардың түсі бұрынғысынша – қара, сары, қызыл, ақ болып қала береді. Ал, iPhone XR 2 үлгісін жасыл және күлгін түсте шығаруды жоспарлап отыр.

● Экранының өлшемі алдыңғы үлгіден шамалы үлкен болады.

IPhone 11 және iPhone 11 Max-та үш камера болады және оптикалары үш есе үлкейеді. Бұл дизайн бастапқыда тұтынушыларға ұнамаған, бірақ өндірушілер өз істеріне сенімді болып отыр. Сонымен қатар, жаңа камералар 3D фото түсіруге мүмкіндік береді.

● Жаңа iPhone-дар басқа гаджеттерді де қуаттай алады, мысалы, AirPods футлярын.

● IPhone-дар OLED-дисплейімен жабдықталады, нақтырақ iPhone 11-де – 5,8 дюймді, iPhone 11 Max-та — 6,5 дюймді дисплей болады.

● Жаңа смартфондардағы дисплейді жаңарту жиілігі (улучшена частота обновления дисплея) 90 Гц-ға дейін жақсарады және ойын барысыдағы жиілігі 120 Гц-ге жетеді. Демек, графика өте анық көрінеді.

● Смартфондардың жүйесі 7 нанометрлік техпроцесстен жасалған жаңа A13 Bionic процессорымен жұмыс істейді.

● Жаңа смартфондардағы аккумуляторлардың сыйымдылығын арттыру жоспарланып жатыр. Мысалы, iPhone 11 Max 4000 мАп болады және жылдам әрі сымсыз қуаттау мүмкіншілігі жасалады. Нәтижесінде 1% -дан 80%-ға дейін қуаттауға бір сағат жеткілікті болады.

Сонымен қатар, қыркүйекте Apple Watch Series 5 смарт-сағаты да таныстырылады. Кейбір сарапшылар ақылды сағаттарда елеулі жаңартулар болмайды дейді. Ал, басқа дереккөздердің ақпараты бойынша, ақылды сағаттардың жаңа үлгісінде селфи жасау және бейнеқоңырау шалу мүмкіндіктері болатын көрінеді.

Әзірге жаңа смартфондар жайлы тараған ақпараттар легі осындай.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлеуметтік желілердегі жазба ӨТІМДІ болу үшін НЕ ІСТЕУ керек?