Смарт-сағат – бала қауіпсіздігін қамдаудың бірінші қадамы.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қазіргі таңдағы адамдардан жамандық күтпейтін, бәріне сенгіш, қажет жағдайда өзін қорғауға қауқарсыз жас балалардың қауіпсіздігін қамдау ата-ананың негізгі міндеті. Иә, дәл қазір балаларыңыз көп уақытын үйде, көз алдыңызда өткізіп жатқан болар. Алайда, сабақ басталып, балалардың күні бойы мектепте жүретін мезгілі басталуға аз қалды. Ал, мектеп немесе басқа жерде жүрген балаңыздың жағдайынан хабар алып отырудың ең оңай шешімі – GPS трекері бар смарт-сағаттар. Әсіресе, баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналар үшін таптырмас көмекші.
Бір қарағанда кәдімгі сағат секілді көрінетін бұл гаджеттердің құрылымында артықшылық пен мүмкіндіктер, пайдалы қосымшалар өте көп. Мысалы, GPS дабылды смарт-сағаттың көмегімен қоңырау шалып сөйлесуге, хабарлама алмасуға, баланың жүрген жерін білуге болады. Дегенмен, бұлар – аталған гаджет мүмкіндіктерінің бірнешеуі ғана.
Бүгінде смарт-сағат өндірушілер де, құрылғылардың түрлері де жеткілікті. Егер, Сіз таңдау жасауға қиналсаңыз, біз көмек беруге әзірміз. Сіздер үшін GPS дабылы бар смарт-сағаттардың үздік деп танылған бірнеше түріне талдау жасадық:
Smart baby Watch Q100
Бұл сағаттың тартымды дизайны мен сапалы құрастылырғандығы бірден байқалады. Экраны мейлінше көлемді, түрлі-түсті және сенсорлы смарт-сағаттың үш түсі бар: көгілдір, ашық жасыл және алқызыл.
Сондай-ақ, басқа да смарт-сағаттар секілді негізгі қызметтерді мүлтіксіз атқаратын құрылғы баланың денсаулығы жайлы да мәлімет бере алады. Нақтырақ айтсақ, сағат баланың ұйқысы мен физикалық белсенділігі, неше каолрия жұмсағандығы жайлы ақпараттарды жадына жазып алады. Сонымен қатар, гаджеттің көмегімен баланың айналасындағы дауыстарды да ести аласыз.
Elari Kidphone 2
Қанық бояулы сенсорлы экраны бар бұл сағатты алғыңыз келсе, таңдауыңызға төрт түс ұсынылады: көгілдір, қара, алқызыл және көк. Ал, көрсететін қызметтеріне: аудиомониторинг, дыбыстық хабарлама алмасу, SOS дабылын қағу, қадам санау, рұқсат етілген нөмірлерден жасалған қоңырауларды көру, түрлі эмоджи суреттерін жүктеу жатады. Сонымен қатар, арнайы геотрекинг бағдарламасы арқылы геолокацияның қосылу және өшу уақыттарының кестесін түзіп қоя аласыз. Бұл смарт-сағаттың қуатын ұзағырақ сақтау үшін жасалған. Бір ғана кемшілігі – WiFi-дың болмауы.
Smart Baby Watch T7
Үлгісі сәнді де стильді. Дүкендерден алқызыл, сары және көк түстерін таба аласыз. Антиаллергенді материалдан жасалған сағатбауының ұзындығын өзгертуге, тіпті оны ауыстыруға болады. Сондай-ақ, қарапайым смарт-сағаттардан басты артықшылықтары – алдыңғы камерасы мен қолшамның болуы және оятқыш сағаттың қызметін атқара алуы. Сонымен қатар, адым санағыш, Гео-қорған жасаушы, алыстан бақылау, қоңырау шалу қосымшаларын ұсынады.
Smart Baby Watch Q 200
Стильі ерекше, сапалы смарт-сағат бала түгілі үлкендерді де қызықтырады. Сары, көк, алқызыл түстері бар гаджетте басқа да смарт-сағаттар секілді калория есептегіш, ұйқы уақытын бақылау, қадам санау, қоңырау шалусынды қызметтері бар.
Ал, үдәл осы лгінің басты артықшылығы – корпусының соққыға төзімділігі және алдыңғы камерасының болуы.
ENBE Children Watch
Нарықта қара, алқызыл, көгілдір және тоқ сары түстері бар бұл сағатты балалар ғана емес, үлкендердің де тағуына болады. Корпусы сапалы пластиктен, бауы гипоаллергенді силиконнан жасалған. Экраны түрлі-түсті, сенсорлы болып келеді. GPS тетігі, тұрған орнын анықтау, WiFi, Bluetooth, геозона жасау, сағаттың қолдан шешілгені туралы дабыл беру, күнтізбе, калькулятор, дыбыстық және жазбаша хабарлама жіберу сынды қызметтер ұсынады. Кітапша жадына қарым-қатынас үшін 12 адамның телефон нөмірін сақтауға болады. Басқа сағат түрлерінен ерекшелігі – арнайы қосымшаға баланың сабақ кестесін енгізіп қоя аласыз.
Smart Baby Watch W9
Материалы толықтай қауіпсіз, салмағы жеңіл, қолданысқа қарапайым мына смарт-сағаттың бір ерекшелігі – су өткізбейтіндігі. Жалпы алғанда, GPS, SOS тетігі, қадам санағыш, оятқыш, гео-зона жасау, қашықтан бақылау секілді қызметтердің бәрі бар. Алайда, бұл үлгіде де WiFi таратқыш болмағандықтан, баланың жүрген жерін дәлме-дәл көрсете алмайды.
Smart Baby Watch Q50
Ас-тағамдық силиконнан жасалған бұл үлгінің дизайны бала үшін тартымды әрі ыңғайлы. Түстері де сан алуан түрлі және қолдануға жеңіл. Оның GPS тетігі, тұрған жерін анықтау, қоңырау шалу, дауысын бәсеңдетіп-күшейту, SOS дабылын жіберу сынды мүмкіндіктері бар. Тек бір кемшілігі – WiFi-дың болмауы. Соның салдарынан ғимарат ішінде болғанда баланың тұрған орнын дәл көрсетіп бере алмайды. Ал, басқа үлгілерден ерекшелігі – бағасының арзан болуы.
Біз бірнеше үздік үлгілерді ғана ұсындық, ал таңдау өз еркіңізде!
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Әлеуметтік желілердегі жазба ӨТІМДІ болу үшін НЕ ІСТЕУ керек?
АҚШ пен ҚЫТАЙ арасындағы "қақтығыс" – Apple қиын жағдайда