Әлеуметтік желілердегі жазба ӨТІМДІ болу үшін НЕ ІСТЕУ керек?

0
3 852

Сіз бұл мақаладан әлеуметтік желілердегі жазбаларды дұрыс құру және оларды барынша өтімді ету жолдарын біле аласыз.


Әлеуметтік желілердегі жазба ӨТІМДІ болу үшін НЕ ІСТЕУ керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілердегі парақшаның маңызы әр адам үшін әртүрлі. Мысалы, біреулер өз естеліктері мен жазбаларын қалдыру үшін ғана, ал кейбіреулер танымалдылығын арттырып, кәсіп ретінде пайдаланады.

Дегенмен, екеуіне ортақ бір нәрсе бар, ол – жазбалардың тартымдылығы мен өтімділігі.

Бұл әсіресе, танымалдылық, көптеген жазылушылар жинағысы келетін қолданушыларға аса қажет. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді ақылмен пайдаланыңыз.


Әлеуметтік желілердегі «пост» мынандай негізгі бөліктерден тұрады:

• тақырып;

• сипаттама;

• сілтемелер;

• сурет;

• егер мүмкіндік болса, сауалнама мен хэштег қолдануға болады.


Жазбаның дұрыс құрылуы

Адамдар әлеуметтік желілердегі жазбаның не екенін түсінгенімен, көпшілігі оны қалай дұрыс құру керектігін біле бермейді. Ал, жазба тартымды, өзіңізге тиімді болу үшін оның мына бөліктерін ретімен және дұрыс пайдалану керек.


Тақырып – қысқа, мазмұнды, жазбаның не туралы екенін ашатын және ерекше тартымды болуы керек. Сонымен қатар, тақырыпқа посттағы фразаларды да қолдануға болады.


Сипаттама (описание) –оқыған адамдарды тартып тұратын жазбаның маңызды бір бөлігі. Сипаттаманың мазмұны постта не туралы жазылғанын түсіндіріп тұратындай етіп жасалуы керек. Сонымен қатар, оған қандай да бір тартымды тірек сөздерді ықшамдап жазған дұрыс.


Егер, парақшаңызға қандай да бір сайтта жарық көрген мақалаңызды жариялайтын болсаңыз, онда міндетті түрде СІЛТЕМЕ беріңіз. Негізінде, сілтемені толық түрде пайдаланған жақсы, ал пост шектеулері мүмкіндік бермесе, сілтемені қысқартып қолдана аласыз.


Парақшадағы жазбаңыз тартымды болу үшін СУРЕТті посттың тақырыбы мен мазмұнына сай етіп таңдау керек. Себебі, оқырмандардың көзіне бірінші сурет көрінеді. Ал, тартымды сурет жазбаның мәтініне қызығушылықты оятады.


Кейбір әлеуметтік желілерде әртүрлі посттарды тақырып бойынша іздеуге және топтауға арналған #ХЭШТЕГтер, яғни посттың астына кілт сөздерді пайдалануға болады. Мысалы, хэштегтер Instagram, Twitter және Facebook желілерінде жиі қолданылады.


Сауалнамалар – посттың тартымды болуына және кең таралуына мүмкіндік береді. Оған Сіздің әр оқырманыңыз немесе жазылушыңыз нұсқаларды таңдау арқылы дауыс бере алады. Бірақ, сауалнама қолдану мүмкіндігі кейбір танымал желілерде ғана бар.


«Ананы сүйсең, Лайк! Мынаны жақсы көрсең Лайк!» дегеннен көрі, осы кеңестерді пайдаланған өзіңізге тиімді болады. Себебі, Сіздің жазбаңыздың өтімді болуы, оқырмандар аудиториясының кеңеюі оның тартымдылығы мен сауаттылығыңызға тікелей байланысты.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қандай құлаққап сатып алған дұрыс?


АҚШ пен ҚЫТАЙ арасындағы "қақтығыс" – Apple қиын жағдайда