20 тонна сыраны Қазақстаннан заңсыз алып шықпақ болған

0
503

Алкоголь өнімдерінің заңсыз экспорты 2022 жылдың 15 қыркүйегінде анықталды.


ERNUR.KZ. 20 тонна сыраны Қазақстаннан ілеспе құжатсыз алып шықпақ болған. Заңсыз тауар "Найза" шекаралық автомобиль өткізу бекетінде анықталды, деп хабарлады Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті, деп жазады Sputnik.kz.kz.

Алкоголь өнімдерінің заңсыз экспорты 2022 жылдың 15 қыркүйегінде анықталды.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 20 тонна көлеміндегі "сыра" алкогольдік өнімі бар көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында алкоголь өніміне қатысты тиісті құжаттардың жоқ екені анықталды.
Бұл "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңды бұзу болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 463-бабына сәйкес материалдар процестік шешім қабылдау үшін Успен аудандық сотына жолданды.