2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі

0
1 056

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастарға арналған 1 мың пәтер салу жоспарланған.


2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі

ERNUR.KZ. Үкіметтегі брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр түсіндіріп өткендей, 3 мың пәтер 2021 жылға дейін жұмысшы жастарға беріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына келер болсақ, ағымдағы жылы біз Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастарға арналған 1 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Енді бұл жоспарлар қайта қаралды. Бұл қалаларда 2019, 2020 және 2021 жылы 3 мың пәтер беріледі", - деді министр.

Сонымен қатар, Роман Скляр мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтардың 7 санаты туралы еске салды.

"Әкімдіктерде бұл тізімдер жарияланады. Жаңа тетіктерге қатысты. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының съезде айтқан тапсырмасы бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар үшін 20 жыл мерзімге бастапқы жарнаның 10% - ы жылдық 2% - бен несие беріледі. Бұл құқықты пайдалану мақсатында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар тиісті бағыттама алып, осы несие үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келуі мүмкін", - деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.

Оның мәліметінше, аз қамтылған азаматтар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысының өсуі Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізілетін болады. Осы санаттағы тұрғын үй құрылысын ұлғайту үшін жеке инвесторларды, жеке құрылыс салушыларды тарта отырып, жаңа тетік әзірленетін болады.