2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек

0
576

​Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалатын болады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылады.


2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек

Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетейік, заңмен иттердің өз бетімен жүруіне тыйым салынады.

«Сонымен қатар, НҚА-ның бірқатар жобалары қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеуді реттеуге бағытталған. Мәселен, жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидалары; қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру ережелері; жануарларға арналған баспаналардың қызмет ету ережелері; жануарларға арналған баспаналарды есепке алу ережелері. Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларды қайтарымсыз аулау практикасы тоқтатылады, ал олардың санын реттеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен стерильдеу жолымен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте жануарларды аулаудың үлгілік қағидаларының жобасы шеңберінде иесі бар екенін білдіретін белгілері бар жануарларды стерильдеуге тыйым салу жоспарлануда. НҚА жобалары жануарларды тиісті жағдайларда ұстау мақсатында оларға арналған баспаналардың қызметін реттейді. Бұл сонымен қатар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесінде маңызды аспект болып табылады», - деп түсіндірді ведомство өкілі.