22 тамызда алты қалада ауа сапасы нашарлайды

0
810

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша


22 тамызда алты қалада ауа сапасы нашарлайды

22 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп жазады inbusiness.kz.

Сейсенбі күні Ақтау, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында ауа сапасы ластанады.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.