52 жастағы әйел егу бөлмесінде жан тапсырды

0
2 380

Тамызғы дәрі салдырып жатқан әйелдің кенеттен жүрегі тоқтап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Жоғары білімді маманның неліктен ауруханаға емес аптекадағы заңсыз егу бөлмесіне барғаны белгісіз.


52 жастағы әйел егу бөлмесінде жан тапсырды

Алматы облысына қарасты Жаркент қаласында оннан астам аптекалар заңсыз жұмыс жасайтыны анықталып отыр. Өкінішке орай соның бірінде дәрі ектіруге барған колледж мұғалімі қайтыс болған, -деп жазады bureau.kz.

Тамызғы дәрі салдырып жатқан әйелдің кенеттен жүрегі тоқтап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Жоғары білімді маманның неліктен ауруханаға емес аптекадағы заңсыз егу бөлмесіне барғаны белгісіз. Денсаулығы аяқасты сыр беріп, ауруханаға дейін шыдай алмай, жақын маңдағы осы жерге барған болуы мүмкін.

Марқұм есепте тұратын Панфилов аудандық емхана басшысы Мәрзия Бакембаеваның айтуынша, аталмыш аптекада егілген дәрінің құрамынан аллерген зат табылған. Міне осыдан қиындықтар туындап, қайғылы оқиға орын алды.

Десе де марқұмның туған бауыры тамызғы салған медбикеге, аптекаға не аптека егесіне ешқандай арыз-талап қоймайтынын айтқан.