"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды

0
452

Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.


ERNUR.KZ. Қазақстанда "7-20-25" тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді, деп жазады Tengrinews.kz.

18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар", - делінген хабарламада.
Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.
"Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілген - 14 232, сомасы - 212,3 миллиард теңге. Алматыда - 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ипотекалық бағдарлама шарттарында баға шегі белгіленген: сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден аспауы керек. Қарағандыда жылжымайтын мүлік бағасы 20 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керек.

"7-20-25 бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар кез келген ел азаматы ипотека ала алады", - деді қордағылар.