8 жасар қыз суға батып кеткен бассейн қайта ашылды

0
1 156

"Хан Шатырдағы" бассейн қайғылы жағдайдан бір апта өткеннен кейін қайта ашылды.


8 жасар қыз суға батып кеткен бассейн қайта ашылды

ERNUR.KZ. «Хан Шатырдағы» Sky Beach Club жағажай клубындағы бассейн 8 жасар оқушы қыздың өлімінен 8 күн өткеннен кейін ашылды. Ойын-сауық-сауда орталығының әкімшілігіндегілер бассейннің бүгіннен бастап штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты, деп жазады Stan.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, бассейндегі тергеу амалдары аяқталған. Алайда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

«Онда тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға жол бермеу) сәйкес, басқа ақпарат берілмейді. Тергеу аяқталғанда хабарлаймыз», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбаева.