9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды

0
499

Олардың 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бар.


9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкрот деп тануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш келіп түсті, Оның ішінде 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бар 8 986 азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп жазады sputnik.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті осы процесті автоматтандырды. Тексеру процестері мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер, қаржылық ұйымдар арқылы онлайн түрде жүргізіледі.
"Қандай да бір субъективті фактор жоқ. Барлығы автоматтандырылған. Соның арқасында өтініш берушілер тек қана салық органдарына жүгініп, осы процеске қатысуға мүмкіндік алып отыр", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы заңнамасын жетілдіру аясында жаңадан нормалар енгізілмек.