Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

0
975

Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылатын болды.


Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

ERNUR.KZ. ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады, деп жазады baq.kz.

"Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Оны жақсы білесіздер. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қордың кепілдендірілген трансферті 1 триллион 825 миллиард теңгеге дейін артады. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл - қате ақпарат. Мен оны әдейі таратқан жоқпын. Сол үшін кешірім сұраймын", - деді Дәурен Абаев.