Ақмола облысында антисептик ішіп қойған 5 жасар қыз бала көз жұмды

0
867

Қыз бала 27 жастағы туысымен үйде қалған. Анасы жұмысқа кеткен, ата-анасы ажырасқан.


Ақмола облысында антисептик ішіп қойған 5 жасар қыз бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Сандықтау ауылында бес жасар қыз бала антисептик тауып алып, оны ішкеннен кейін көз жұмған деп, жазады kaz.nur.kz.

Сандықтау аудандық ауруханасында хабарланғандай, демалыс күні бес жасар қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршін клиникалық өлім жағдайында болыпты. Дәрігерлер адреналиннен бастап жасанды тыныс беру процедурасы сияқты қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Бірақ ауруханаға түскен сәттен отыз минуттан кейін бүлдіршін көз жұмған. Белгілі болғандай, қыз бала 27 жастағы туысымен үйде қалған. Анасы жұмысқа кеткен, ата-анасы ажырасқан. Қараусыз қалған бойда қыз сөреге шығып, ішінде антисептик бар бөтелкені тауып алған. Болжам бойынша, ол сұйықтықты шырын деп ойлап, ішіп қоюы мүмкін. Бұл іс бойынша қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін дәрігер-терапевт, дерматолог Лариса Алексеева жиі қол жуу мен антисептиктерді қолданудың қаупін айтқан еді. Оның сөзінше, қолды жиі сабындап жуу мен антисептиктерді қолдану тері иммунитетін сақтайтын флораны кетіруі мүмкін. Сонымен қатар ресейлік фармаколог дәрігер Игорь Федоров үй жағдайында антисептик жасамауға шақырған болатын. Маманның айтуынша, үйде спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай.