Ақмола облысында ауыл тұрғыны иттерін ақбөкенмен тамақтандырған

0
556

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары басталды.


Ақмола облысында ауыл тұрғыны иттерін ақбөкенмен тамақтандырған

ERNUR.KZ. Ақмолалық шопанның ауласынан ақбөкендердің ұшасы мен бастары табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Жаңаесіл ауылында 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан 1 ақбөкеннің ұшасы табылды. Сондай-ақ сарайдан тағы 2 киіктің басы табылды.

Айтуынша, ол ақбөкендердің өлекселерін мал жайылып жатқан даладан тауып алып, оларды иттеріне жеуге берген.

«Сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.