Ақмола облысында ер адам досына қонаққа бару үшін қоқыс таситын көлікті ұрлап кеткен

0
424

Оқиға орнынан кетіп бара жатып, күзетілетін ғимараттың есігін қиратып үлгерген.


Ақмола облысында ер адам досына қонаққа бару үшін қоқыс таситын көлікті ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Ақмолалық полицейлер мас күйінде өндірістік базаның гаражынан қоқыс шығаратын көлікті ұрлап кеткен 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол сол арқылы досына қонаққа бармақ болған, деп жазады stan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 қаңтарда түнгі сағат 02.30-да Атбасар қаласында полицейлер жолда тайғанақтаған жүк көлігін байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек керек немесе жоқ екенін анықтамақ болған. Алайда "МАЗ-5340 В2" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұл көлікті басқару құқығы туралы құжаттарын да бере алмаған. Сонымен қатар әңгіме барысында полицейлер ер адамнан алкоголь иісін байқаған.

"Барлық мән-жайды анықтау барысында полицейлер ер адамның бұл көлікті қарауыл болып жұмыс істеген өндірістік базаның гаражынан ұрлағанын анықтады. Жүргізушінің айтуынша, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол досына қоқыс таситын көлікпен қонаққа бармақ болған. Оның үстіне, ол оқиға орнынан кетіп бара жатып, күзетілетін ғимараттың есігін қиратып үлгерген", - делінген хабарламада.

Ер адамға қатысты 608 ( Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Атбасар аудандық соты ер адамның ешқашан көлік жүргізуге құқығы болмағанын ескере отырып, 20 тәулікке бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар полиция 200 (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу)бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полицияның пікірінше, жағдай өте қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Өйткені мас күйінде жүк көлігін басқарған көлікті ұрлаушы жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін болатын.