Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды

0
348

Көлік, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау жүктелді.


Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды

ERNUR.KZ. Үкімет 2023 жылғы 21 қыркүйекте "Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру туралы" қаулы қабылдады, деп жазады Zakon.kz.


Мәтінде былай делінген:

"Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін".

Көлік, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау жүктелді.

Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.

Қаулы 2023 жылғы 21 қыркүйекте күшіне енді.

Бұған дейін де Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болған, алайда 2018 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысымен ол мәртебеден айырылған еді. Үкімет бұл шешімді портты жекешелендіруге қойылған шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді деп түсіндірді.