Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апатында 5 адам өртеніп кетті

0
303

Тағы 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілген.


Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апатында 5 адам өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп жазады baq.kz.

Бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен.

Сағат 08:41-де оқиға орнына "Қандыағаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Зардап шеккен 5 адам көлікте өртеніп кетті. Басқа көліктегі зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.