Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

0
463

Тағы бір жолаушы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.


Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тас жолының 73 шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан, деп жазады baq.kz.

Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.