Ақтөбеде Азия чемпионын өлтіріп кетті

0
2 767

​Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі кезде спортшы өліміне күдіктілер тұтқындалған.


Ақтөбеде Азия чемпионын өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде каратэдан 18 жастағы Азия чемпионы Дәулет Хайролла көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан

Қаралы хабарды Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров растады.

"Иә, қаза болғаны рас", – деді ол.

Айтуынша, 18 жастағы спортшыны жанжал кезінде өлтіріп кеткен. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті әзірге жауап берген жоқ.

Киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы атанған Дәулет Хайролла қоңыр белбеу иегері болған.

Сондай-ақ, ол келесі аптада Қазақстан кубогы үшін өтетін жарысқа баруы керек еді.