Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған 41 жастағы ер адам сотталды

0
2 731

Ол екі жыл бойы жәбірленушімен жыныстық қатынаста болған.


Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған 41 жастағы ер адам сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе соты 41 жастағы азаматқа кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін үкім шығарды. Оның үстіне ер адам 15 жастағы қызға АИТВ жұқтырған, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу барысында айыпталушы ауруы туралы білген, сонда да екі жыл бойы жәбірленушімен жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-түзету мекемелерінде 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы Жұлдыз Сайманова.