Ақтөбеде су басқан әуежайдың видеосы пайда болды

0
407

Видеоға қарағанда, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы қазір су айдынына көбірек ұқсайды.


Ақтөбеде су басқан әуежайдың видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтөбе әуежайының видеосы тарап жатыр. Әуежай әкімшілігі кадрлар шынымен де әуежай аумағында түсірілгенін растады, деп жазады tengrinews.kz.

Видеоға қарағанда, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы қазір су айдынына көбірек ұқсайды.


Еске салайық, бүгін Ақтөбе әуежайының жұмысы су тасқыны салдарынан тоқтап қалды.

"Ақтөбе әуежайы аумағын еріген су басып кетуіне байланысты сағат 6:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшыру жабылды. Әуежай жабылған уақытта 14 рейс кейінге қалдырылды", - деді Әуежай басқармасының төрағасы Дастан Малиев.