Ақтөбедегі шахтада жарылыс болды

0
1 344

Жарылыс салдарынан зардап шеккен азамат ауруханада жатыр


Ақтөбедегі шахтада жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында жарылыс болып, бір адам ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Дөң кен байыту комбинатындағы жарылыс туралы облыстық еңбек инспекция басқармасы хабарлады. Қазіргі кезде инспекторлар жарылыстың себебін анықтауда.

Ал сол кезде жұмыста болған 42 жастағы Мейрамбек Кенжеғалиев қазір аудандық ауруханада жатыр. Санавиация шақырылып, тиісті көмек көрсетілді. Алдағы уақытта науқас облыс орталығына жеткізілуі мүмкін.

«12 қазан күні сағат 1:00-де Дөң кен байыту комбинатындағы шахтада жарылыс жасаушы болып жұмыс істейтін 42 жастағы азамат ауруханаға ес-түзсіз жансақтау бөліміне түсті. Көптеген дене жарақтарын алған, кеннің астында қалып, кеуде тұсы қысылған. Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр, есін жиды. Травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарады. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу жоспарланып отыр»,- деді аудандық аурухананың бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.