Ақылы жолдарда кімдерге жеңілдік қарастырылған

0
399

Қазіргі уақытта ақылы учаскені пайдаланушылар үшін абоненттік төлем енгізілді.


Ақылы жолдарда кімдерге жеңілдік қарастырылған

ERNUR.KZ. Ақылы жолдарды пайдалану кезінде ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер берілуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында осындай мәлімет ұсынды.


«Қазіргі уақытта ақылы учаскені пайдаланушылар үшін абоненттік төлем енгізілді. Көлік құралы ақылы учаскеге іргелес аудандарда тіркелген жағдайда, абоненттік төлем 365 күнтізбелік күнге 1000 теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер беру туралы ұсыныс енгізілді».

Арман Жүнісов жол жүру ақысы кейін төленген жағдайда бекітілген тарифтен 1,5 есе қымбатқа түсетінін айтады.

«Төлемақы алудың ашық жүйесінде (шлагбаумдардың болмауы) алдын ала төлеу және одан кейін төлеу жүйесі көзделген. Бұл ретте, кейін төленген жағдайда тариф қолданыстағы тарифтің 1,5 коэффициентімен алынатын болады», - деп жазылған ресми жауапта.