Алаяқтық жасады деп күдікке іліккен қазақстандық Швециядан экстрадицияланды

0
451

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.


Алаяқтық жасады деп күдікке іліккен қазақстандық Швециядан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасы "Алаяқтық" бабы бойынша күдікке іліккен ел азаматын Швециядан экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz.

"2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған", – деп хабарлады ведомствода.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Еліміздің заңнамасы бойынша осы тектес қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін.