Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкеріне кісі өлтірді деген айтып тағылды

0
2 365

Марқұмның әйелі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа видеоүндеу жасады.


Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкеріне кісі өлтірді деген айтып тағылды

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкері, бас бухгалтердің жүргізушісіне кісі өлтірді деген айтып тағылды. Осындай мәлімдемені марқұмның әйелі Әлеуметтік желілерде жасады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдайды жеке бақылауға алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қаза болған адамның жары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Instagram-да видеоүндеу жасады. Оның айтуынша, қылмыс 22 ақпанда жасалған, бірақ күдікті жұмыстан артқы күнмен шығарылған.


"Мен Әбдрешева Ажар Жанасбекқызы, марқұм Байниязов Кенже Мұратбекұлының жары.

Бүгін жұбайым қайтыс болғалы бері жеті күн өтті.

Қала әкімдігі өз қызметкерінің кісі өліміне қатысы бар-жоғына әлі ешқандай түсінік берген жоқ. Керісінше, менде қылмыскердің өлімнен кейінгі күннен бұрын жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат бар, яғни 18 ақпан. Қала әкімдігі, атап айтқанда, кісі өлтіруші жеке жүргізушісі болған әкімдіктің бас бухгалтері өз қызметкерінің қылмысқа қатысты екенін жасыруда қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Қазіргі уақытта адам өлтірілген қару табылған жоқ. Алматы әкімдігіне тиесілі автокөлік қылмыс болған жерде тұрды, яғни кісі өлтіруші қылмыс орнына қызметтік автокөлікпен келген. Бұл 22 ақпандағы жағдай бойынша ер адам әкімдік қызметкері болғының дәлелі", - деді ол.




Келіншек қала әкімінен істі жеке бақылауына алуды өтінді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өтінішке жауап берді.

"Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішіне байланысты жұбайының өліміне қатысты істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деді әкім.

Алматы полиция департаменті өкілі бұл факт Алатау аудандық полиция басқармасы ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

"Күдікті анықталып, медицина мекемелерінің біріне жатқызылды. Бұлтартпау шарасы ретінде жанына күзет қойылды. Тергеу объектив және жан-жақты қарастырылып, қағидаға сәйкес жүргізіледі. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.