Алматы-Қорғас тасжолында ыстықтан бетон плиталар көтеріліп кетті

0
331

ҚазАвтоЖол" қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты.


Алматы-Қорғас тасжолында ыстықтан бетон плиталар көтеріліп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кетті. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды, деп жазады Tengrinews.kz.

What's app мессенджерінде Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

"Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер", - дейді видео авторы.


ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде "Алматы-Қорғас" (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кетті.

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды. "ҚазАвтоЖол" уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді", - деді компания өкілдері.