Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

0
357

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен.


Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысында жоғалған үш жасар қыз 24 сағаттан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

"Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.