Алматы облысында 9 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен

0
529

Үйінде ұйықтап жатқан 9 жасар қызды белгісіз ер адам ұрлап кетіп, зорлағаны туралы ақпарат тараған болатын.


Алматы облысында 9 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен

ERNUR.KZ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Сауыншы аулында оқушы қыз зорланды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп жазады inform.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 қараша күні үйінде ұйықтап жатқан 9 жасар қызды белгісіз ер адам ұрлап кетіп, зорлағаны туралы ақпарат тарады.

Осы оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Қарасай ауданы, Сауыншы ауылы тұрғынының арызы бойынша, ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес іс тіркелді. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы тергеуде, оның жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама, тексерулер тағайындаумен тергеу жүріп жатыр», - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайділдин.