Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 млн теңгелік қымбат қару табылды

0
400

Аталған қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде “Қорған” қару дүкенінен ұрланған.


Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 млн теңгелік қымбат қару табылды

ERNUR.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады. Оның арасынан қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да табылды, деп жазады zakon.kz.

Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды.
Айта кету керек, аталған қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде “Қорған” қару дүкенінен ұрланған тізіміне кіреді.
ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Жамбыл ауданы ПБ СДТБТ-да тіркелді.