Алматы облысындағы мектеп оқушысының өзіне қол салу әрекеті: прокурорлар кінәлілерді атады

0
407

11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болған.


Алматы облысындағы мектеп оқушысының өзіне қол салу әрекеті: прокурорлар кінәлілерді атады

ERNUR.KZ. Алматы облысының прокурорлары 4-сынып оқушысының өз-өзіне қол салуға әрекеттенуіне әкеп соқтырған мәселеге байланысты кінәлілерді жазалау туралы ұсыныс енгізді, деп жазады ҚазАқпарат.

«11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданының прокуратурасы облыстық білім басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологқа тиімді шара қолдануды, сондай-ақ материалды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның қарауына беру туралы айтты», - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аудан прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің мәжіліс залында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, 11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болған.

Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.