Алматы тауларында туристер адасып қалды

0
736

Оқиға Үлкен Алматы көлі (БАО) аймағындағы Қасқырлы тау маңында болды.


Алматы тауларында туристер адасып қалды

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы тауда алты адам жоғалып кетті, деп жазады orda.kz.

Оқиға Үлкен Алматы көлі (БАО) аймағындағы Қасқырлы тау маңында болды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 109 пультіне жоғалған туристер туралы хабарлама сағат 20:11-де түскенін түсіндірді. 10 минуттан кейін БАО-да кезекшілікте тұрған құтқару бригадасы айтылған орынға жөнелді.

Адамдар бір сағаттық іздеуден кейін табылды. 21:55-те құтқарушылар оларды жолға шығарып салды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес.