Алматы тұрғыны Денис Теннің портретін шеге мен жіптен жасап шықты (фото)

0
2 523

Әрқашанда жұмыс бастар уақытта лайықты сурет табу қиынға соғады екен.


Алматы тұрғыны Денис Теннің портретін шеге мен жіптен жасап шықты (фото)

ERNUR.KZ. Оңтүстік астана тұрғыны Рамазан Пейзов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің портретін шеге және жіппен үш күннің ішінде жасап шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны жіп пен шеге секілді қарапайым заттардан сурет салумен өнерімен екі жылдан бері айналысып келеді.

Рамазан Пейзов үнемі өзіне ұнайтын істі жүзеге асырып отырады. Ол жақында ғана бір жыл бұрын қаза тапқан спортшы Денис Теннің портретін салып шыққан.

"Денис Теннің портретін салу идеясы аяқ астынан келді. Менің бір телеарна түсіргісі келді, соған жақсы жұмыс жасауым қажет болды. Материалдар іздедім. Сол кезде Денистің суретіне көзім түсті", - дейді Рамазан.

Оның сөзінше, әрқашанда жұмыс бастар уақытта лайықты сурет табу қиынға соғады екен. Ал Дениске келгенде бұл мәселе одан да қиынырақ болған. Рамазан қажетті суретті ұзақ таңдағанын айтады.

"Бұл суретте Денистің көзі ерекше жанып тұрды, сол үшін осы фотоны салу туралы шешімге келдім", - дейді суретші.


Рамазан мәнерлеп сырғанаушының портретін жасауға үш күн кеткенін жеткізді. Ол өзінің жұмысын сыйлық ретінде Денис Теннің жақындарына ұсынғысы келетінін жасырмады.