Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

0
1 247

Марқұмның жаназасы қарындасының үйінде өтті.


Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

ERNUR.KZ. Бүгін 26 қарашада Алматыда қайтыс болған ақын Арон Атабектің денесі жер қойнауына тапсырылды. Марқұмның жаназасы қарындасының үйінде өтті, деп жазады stan.kz.

Қоштасу рәсіміне жүзден аса адам жиналды. Олардың арасында марқұмның туыстары, қоғам қайраткерлері мен журналистер бар. Жиналғандар Арон Атабектің жақындарына көңіл айтты.

Арон Атабек Алматы сыртындағы Бағанашыл зиратына жерленді.

Белсенді 24 қазанда 68 жасында ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылғаны айтылған еді.