Алматыда балаларымен бірге терезеден секірген марқұмның соңғы хаты табылды

0
707

Алматы қаласының полиция департаменті тергеу барысында әйелдің мұндай әрекетінің алдын ала себебін хабарлады.


Алматыда балаларымен бірге терезеден секірген марқұмның соңғы хаты табылды

ERNUR.KZ. Полиция Алматыда үш баласымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кеткен әйелдің соңғы хатын тапты, деп жазады sputnik.kz.

Дереккөз трагедия болған пәтерден бірнеше сөйлем жазылған соңғы хат табылғанын айтты.

Хат ішінде мұндай шешімді қабылдауына нақты кім кінәлі екені көрсетілмегенін жеткізді.

"Хатта сынаққа төтеп бере алмай, өмірден шаршағанын жазған. Ол ешкімді кінәламайтынын, бірақ бұл әрекетіне кінәлі адамдардың өзі хабардар екенін айтып, кешірім сұраған", - деді ол.

Дереккөздің хабарлауынша, ол ұл-қызын күйеуімен бірге өсірген. Қайғылы жағдай болған кезде 30 жастағы күйеуі үйінде болмаған. Ал үйдің есігі ішінен құлыпталып тұрыпты. Полиция ішіне кірер кезде есікті бұзды.

Көршілердің сөзінше, отбасы жұртпен бірдей өмір сүрген. Ерлі-зайыпты көпшілік алдында ұрсыспаған.

Айта кетері, қайғылы оқиға 22 қарашада Жетісу-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде шамамен 12:30-да болды. 28 жастағы әйел өзінің үш баласы – бес және алты жасар қыздары мен үш жасар ұлын тоғызыншы қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, содан кейін өзі де секіріп кетті. Оқиға орнында әйел мен екі бала қайтыс болды. Үшінші бала жедел жәрдем көлігінде жане тапсырды.

Алматы қаласының полиция департаменті тергеу барысында жағдайдың алдын ала себебін хабарлады.

"Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас кезінде күйеуі екеуі арасындағы жанжал себеп болған", - делінген полиция хабарламасында.

Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға бойынша Қылмыстық кодексінің ("өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.