Алматыда келіншек үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

0
1 706

Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмған.


Алматыда келіншек үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жас әйел үш кішкентай баласымен бірге көппәтерлі тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті. Төртеуі де көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті.

"Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін Алматының полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.