Ол кезде 2 бала тірі еді: Балаларымен секіріп кеткен әйелдің секіргенін көрген куәгер (видео)

0
910

Көршілері ол үйдің балаларының бәрі ақылды, күйеуінің де бейәдеп қылықтарын көрмедік дейді.


Ол кезде 2 бала тірі еді:  Балаларымен секіріп кеткен әйелдің секіргенін көрген куәгер (видео)

ERNUR.KZ. Өзі ғана емес балаларымен бірге мерт болған келіншектің неліктен мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз, деп жазады exk.kz.

Көршілері ол үйдің балаларының бәрі ақылды, күйеуінің де бейәдеп қылықтарын көрмедік дейді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша қайғылы жағдай түскі сағат 12 лерде болған. Жерде қан-жоса болып жатқан адамдарды көріп зәре-құты қалмаған көршілердің бірі жақын маңдағы дүкеннің сатушыларына хабарлаған.

- Тура кіре беріс есіктің алдында келіншек пен үш бала жатты. Келіншектің өзі мен бір баласында үн жоқ. Ал, екі бала басында қимылдап жатты. Өзімнің шамам келмей қалғасын, дүкенге кіріп, жедел жәрдем шақыруды өтіндім дейді, - осы үйдің 6 шы қабатында тұратын ер адам.

Ал, осы үйде 7 жылдан бері тұратын Ғалия апайдың айтуынша бұл аулада бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Артық-ауыс шу мен қаза болған келіншектің балаларымен аулада қыдырып жүргенін көрмепті.

Дүкендегі сатушылар болса бұл үйдің балаларының бәрі ақылды, кішіпейіл болатын дейді. Қыздары өздері келіп азық-түлік алады екен. Жолдасының да теріс әрекеттерін байқамаған.


Бұған дейін 9-шы қабаттан секірген әйел мен 3 баланың қазақ болғаны жазылған болатын.

Әзірге оқиға орында құзырлы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр. Бұл отбасыға қатысты қандай да бір нақты ресми мәліметтерде жарияланған жоқ.