Алматыда балалы әйелді автобус қағып кетті

0
272

Жол апаты таңертең Медеу ауданында болған.


Алматыда балалы әйелді автобус қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда 2024 жылғы 4 наурызда автобус жүргізушісі әйел мен баланы қағып кетті, деп жазады zakon.kz.

Алматының жол полициясы өкілдерінің берген ақпаратынша, жол апаты таңертең Медеу ауданында болған.

"Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда шығыс бағытта жолдың бөлігін кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен", - деп хабарлады полицейлер.

Ведомство әйел қаладағы ең жақын ауруханалардың біріне жеткізілгенін хабарлады. Бала зардап шекпеген.

"Қазір Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.