Алматыда қай нысандар жұмысын тоқтатады: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

0
489

Бас санитарлық дәрігер бірқатар мекемелердің ашылу ережелерімен бөлісті.


Алматыда қай нысандар жұмысын тоқтатады: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп жазады Stan.kz.


"Фудкорттар ашылмайтын болды. Ал сауда орталықтары 30 пайызға ғана толуы керек. Бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, бір адамға бес шаршы метрден болған кезде рұқсат берілді. Театрларға да санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат берілді", - дейді Бекшин.


Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер бірқатар мекемелердің ашылу ережелерімен бөлісті. Бірқатар талаптарға сүйене отырып, қаладағы спорт кешендері, театрлар жұмысын жалғастырады.


"Фитнес орталықтар мен спорт сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу бойынша баруға болады. Ол 50 пайыға толтырылуы керек. Оған қоса, бір келушіге 5 шаршы метрден кем емес аумақ арналуы керек. Сонымен қатар, бір келушіге 4 шаршы метр қашықтықты сақтай отырып сауналар мен моншалар да жұмыс жасайды", - дейді бас санитарық дәрігер.