Алматыда қой бағып жүрген шопан қару-жарақ жасырынған жерді тапты

0
900

Қару-жарақ жасырғандар анықталып, жауапқа тартылады.


Алматыда қой бағып жүрген шопан қару-жарақ жасырынған жерді тапты

ERNUR.KZ. Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер салынған жерді тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері әскери оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен бірнеше ондаған патрондарды тәркіледі.

«Біздің бөлімшеге У.есімді азамат хабарласты және «Дархан» ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, «Беретта» травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, «Макаров» тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген.

Қойманың ішінен табылғандардың меншік құқығы мен шығу тегі одан әрі тексеру барысында анықталады. Арсеналды жасырғандар анықталып, жауапқа тартылады», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.