Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

0
439

Тараған ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант.


Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін атып тастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпарат әуелі Kozachkov Telegram каналында пайда болды.

Тараған ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант. Ол жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде отырған.

Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды.

Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.

«Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарлады ведомстводан.