Алматыда шетелдіктер саны күрт өскен

0
645

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп күтіледі.


Алматыда шетелдіктер саны күрт өскен

ERNUR.KZ. Алматыда шетелдік туристер ағыны бірден 73 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, деп жазады tengritravel.kz.

"Алматының туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылы бірінші жарты жылдықта қалаға келуші шетелдік туристер саны 72,6 пайыз (261,6 мың адам) болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ішкі туристер ағыны да едәуір өсіп, 24,6 пайызға (710,6 мың адам) жеткен.

"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өскені байқалады", - делінген басқармас хабарламасында.

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп күтіледі.