Алматыда тұрғын үйдің кіреберіс есігі құлап, баланы басып қалды

0
353

Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.


Алматыда тұрғын үйдің кіреберіс есігі құлап, баланы басып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде подъезд есігі баланың үстіне құлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алма Сити» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қанат Қайырбаевтың айтуынша, үй тұрғындары есікті абайламай, ұқыпсыз пайдаланған.

«Осыған байланысты подъезд есігі сынған. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайға себеп болды. Есікті ұқыпсыз, қалай болса солай пайдаланған адамдардың кім екені анықталып жатыр», - дейді ПИК төрағасы.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханаға жеткізілгенін, жағдайы бірқалыпты хабарлады.

«Бала жедел жәрдем көлігімен N2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық аппаратпен тексеру жасалды, яғни баланың басына КТ жасалды. Ауруханаға жатқызатындай көрсетілім болған жоқ, ұсыныс бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Баланың ақыл-есіне зақым келмеген», - деп хабарлады ведомство.