Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап кеткен

0
384

2001 жылы туған жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлаған.


Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап кеткен

ERNUR.KZ. Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Полиция суицид бабымен тергеуді бастады, деп жазады inform.kz.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қайғылы жағдай 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. 2001 жылы туған жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кеткен.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.