Алматыда жеке үй аулалары мен жол учаскелерін су басты

0
439

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарын жойып жатыр.


Алматыда жеке үй аулалары мен жол учаскелерін су басты

ERNUR.KZ. Толассыз жауған жаңбырдан кейін жеке үй аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 су басу жағдайы болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Алматыда ауа райының күрт нашарлауына және қатты жаңбырмен қоса секундына 18-24 метрге жететін екпінді желге байланысты қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді", - делінген хабарламада.

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарын жойып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, қазір қалада жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.