Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен

0
422

Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған.


Алматыда жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен

ERNUR.KZ. Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен, деп жазады stan.kz.

Деректерге сай оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оның бейнежазбасы желіде таралып кеткен.

Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.