Алматыдағы лай көшкінінің басты себебі аталды

0
279

8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.


Алматыдағы лай көшкінінің басты себебі аталды

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекеме мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«8 ақпан түнгі сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған суық су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан «Тау-Самалы» ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» ММ баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік мекеме мамандарының мәліметінше, түскен жылжыманың көлемі - 3 200 текше метр. Бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен - 45-50 градус.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.