Алматыдағы метро "Алтын Орда" базарына дейін созылады

0
608

​Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метроны "Алтын Ордаға" дейін ұзарту базар маңындағы кептеліс мәселесін шешетінін айтқан еді.


Алматыдағы метро

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Мобильділік басқармасы метро "Алтын орда" базарына дейін созылса, қанша станция болатынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Үшінші кешеннің жоспарына сай, "Қалқаман" станциясы Абай көшесінің солтүстігіне қарай Әшімов көшесінің қиылысында орналасады.

Батыс бағыттағы жолды Абай даңғылы бойымен одан әрі Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін ұзарту алдын ала қарастырылған.Алматы қаласы Мобильділік басқармасының баспасөз қызметі

Бірінші станция Алатау көшесінің бойында Наурызбай әкімдігінен солтүстікке қарай орналасса, екінші станция Алатау көшесінің бойымен Төле би көшесінің қиылысында болады. Үшінші станция «Барлық» базарының аумағында, Райымбек даңғылының оңтүстік жағында, жол бойында орналасады.

Ашылатын станциялардың нақты орналасатын жері, сондай-ақ сатып алынатын жер телімдерінің саны барлау жұмыстары аяқталып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін анықталады.

Сондай-ақ, Қалалық мобильділік басқармасы жолдың бағытын өзгертуге байланысты «Западный» автовокзалының жобасы өз мақсатын жоғалтқанын атап өтті.

Бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов қалада салынып жатқан метроның бағытына түзету енгізілгенін мәлімдеген еді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метроны "Алтын Ордаға" дейін ұзарту базар маңындағы кептеліс мәселесін шешетінін айтқан еді.